Чехия президентін сайлау: отставкадағы генерал Петр Павел жеңіске жетті
Петр Павелдың екінші турдағы қарсыласы экс-премьер-министр Андрей Бабиш болды. Петр Павелға сайлауға қатысқандардың 58%-ы, ал Бабишқа 42%-ы дауыс берген.
Петр Павел - Чехия және бұрынғы совет блогының құрамында болған елдер тарихында НАТО-ның әскери комитетін басқарған ( 2015–2018 жылдары) тұңғыш әскери қызметкер. 61 жаста. Ресейдің Украинаға басқыншылығын қатаң айыптаған, Чехияның Батыспен қарым-қатынасы күшейгенін қолдайды. Енді Петр Павел президент лауазымына 2023 жылғы 9 ақпанда кіріседі.
Еске салайық, Чехияда президентті сайлаудың алғашқы туры 2023 жылғы 13-14 қаңтарда өтті. Бұл кезде Петр Павел мен Андрей Бабиш шамамен бірдей дауыс жинаған, бірақ екеуінің де жинаған дауысы 50%-ға жетпеді.