Түркиядағы құтқарушыларымыз қирандылар арасынан әйел адамды аман алып шықты
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, өткен тәулікте бірінші топ көлбеу келген алты қабатты үйді зерттеді, үй шөгіп жатыр, құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеуде.
"Блоктан шығару және үйге кіру жүргізілді, іздестіру кезінде қаза тапқан 3 әйелдің денесі табылып шығарылды, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жүріп жатыр".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, екінші топ толығымен қираған 9 қабатты екі үйді зерттеді, сонымен қатар жергілікті құтқарушылармен бірге тірі адамды - зардап шеккен әйелді шығарып алды. Осы объектіде құтқарушылар 1 адамның денесін тапты.
Құтқарушылар қиранды орнында жағдай қиын екенін мәлімдеді. Олар үйінділер арасынан адамдарды жылдам іздестіру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.
"Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде" – , деп атап өтті ҚР ТЖМ өкілдері.