Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан тағы үш адамды аман алып шықты
Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды.
"Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырды".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы аса күрделі жағдайларда жүргізілді.
Ведомство адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар мен арнайы іздеу құралдары тартылғанын атап өтті.
6 ақпанда Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді.
7 ақпанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен Түркияға ұшты.
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12,3 мың адамға жетті.
9 ақпан күні Түркиядағы тағы 42 қазақстандық Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен елге оралды.