Жаңалықтар тізбегі
0

Ыстамбұлда тұратын қазақтар Түркияға көмек ретінде 160 мың доллар жинады

Түркия, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 10:47 Сурет: видеодан скриншот
Ыстамбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жолдап жатыр. Бұл жөнінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстанның Бас консулдығы, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның алапат зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау бойынша белсенді жұмыс істеуде.

"Осы уақытқа дейін сомасы шамамен 160 мың АҚШ доллары болатын көмек жиналып, жөнелтілді. Атап айтқанда, балалар тағамдары, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпелер және т.б. қажетті өнімдер жолдануда. Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалуда".ҚР Сыртқы істер министрлігі

Бас консул Әлім Байел бүкіл Қазақстан жұмылып бауырлас Түркияға қолдау көрсетіп жатқан сәтте бұл көмекке өз үлесін қосып жатқан Ыстанбұлдағы қазақтарға алғыс айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: