Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқан адамдар саны 19 мыңнан асты
Сурет: ҚР ТЖМ
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елінде жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 19 мыңнан асқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ердоған Малатья провинциясында брифинг өткізді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Жер сілкінісі ошағында болған 10 елдімекенде 19 388 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің саны - 77 711", - деді ол.
Ердоғанның айтуынша, басқа елден келген құтқарушы топтарды қоса есептегенде, апат салдарын жоюда барлығы 141 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
6 ақпанда таңертең Түркияда қатты жер сілкінісі болды. 7,8 балдық тағы бір зілзала кейінірек Түркияның орталық бөлігінде тіркелді.
Жер сілкінісі кезінде Түркияда болған қазақстандық Сабина Мамадьярова үйінділердің астында қалған. Ол аман-есен табылды, оның қолы сынғаны белгілі. Тағы екі отандасымыз - Әділет Қадырбеков пен Мирболат Құрмашев, өкінішке қарай, өлі табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript