Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі табылды
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті.
Бүгін, яғни 13 ақпан күні мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді.
Тасымалдау бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды.
6 ақпан күні таңертең Түркияда күшті жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінен кейін үйінді астынан Түркияда жүрген қазақстандық Сәбина Мамадьярова аман-есен шығарылды. Оның қолы сынған. Әділ Қадырбековтың денесі үйінді астынан 9 ақпанда табылды. Сол күні құтқарушылар қиранды астынан тағы бір қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесін шығарды.