Румынияда күшті жер сілкінісі болды
Сурет: unsplash
Румынияның оңтүстік-батысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Румынияның оңтүстік-батысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Жер физикасын дамытуды зерттейтін Румыния ұлттық институты хабарлады.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 16:58-де болды. Жер сілкінісі Олтенияда, Горж уезінде тіркелді. Сарапшылар дүмпу 15 шақырым тереңдікте болғанын айтқан.
Қазіргі уақытта құрбандар мен қираған ғимараттар туралы хабар жоқ. Жер сілкінісі эпицентрден 207 шақырым жердегі Румынияның астанасында, сонымен бірге көрші Молдовада да сезілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript