Түркиядағы жер сілкінісінен кейін бір қала толығымен қиратылады
Сурет: AP Photo / Petros Giannakouris
Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қатты қираған Нұрдағы қаласы толығымен бұзылып, қайта салынады, деп хабарлайды Zakon.kz ntv-ге сілтеме жасап.
"Біз жойқын апатты бастан өткердік. Біз қала құрылысы министрі Куруммен бірге барлық үйіндіні алып тастаймыз, қаланы толығымен, 100% бұзамыз деп шешім қабылдадық. Қала қайта тұрғызылады". Губернатордың міндетін атқарушы Осман Билгин
Ол сонымен бірге қазіргі уақытта үйінділердің астында тірі қалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Құтқарушылар тірі қалғандарды іздеп табудан үмітін үзбейді. Өйткені 18 жастағы Савдет Жошкун апаттан 160 сағаттан кейін аман-есен табылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript