Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан жоғалған Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ
Сурет: ҚР ТЖМ
20 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан із-түссіз жоғалған қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Қазақстан дипломаттарының жергілікті билікпен байланысып, қаза болғандар мен зардап шеккендердің тізімін тексеріп жатқанын айтты.
Жер сілкінісінен кейін Түркияда жүрген қазақстандық Сабина Мамадьярова үйінді астында қалды. Қыздың қолы сынған. Әділ Қадырбековтың денесі үйінді астынан 9 ақпанда шығарылды. Кейін құтқарушылар тағы бір қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесін шығарды.
10 ақпанда Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекованың мәйіті табылды.
6 ақпан күні таңертең Түркияда күшті жер сілкінісі болды. Кейінгі мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер саны 41 мың адамға жеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript