Жаңалықтар тізбегі
0

Саясаттанушы Ресейдің қару-жарақтарды қысқарту туралы шартынан шығуына қатысты пікір білдірді

Ядролық соғыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 18:58 Сурет: РФ Қорғаныс министрлігі
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Ресейдің Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды қысқарту шартынан (СВН-ІІІ) шығуы туралы шешімін АҚШ алдында тек "қаруды жалаңдату" деп атады. Оның пікірінше, бұл жайт ядролық соғысқа әкеліп соқпайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралары туралы шартқа (СНВ-III) 2010 жылы Прагада Барак Обама мен Дмитрий Медведев қол қойды. Ол 2011 жылдың 5 ақпанында күшіне енді.

Екі әскери-өнеркәсіптік машина - Ресей мен Америка, саясаттанушы атап өткендей, көптеген арна арқылы аппарат деңгейінде өзара әрекеттесіп отырады. 

"Бұл екеудің арасындағы ең күрделісі - техникалық сауда. Бірақ саяси тұрғыдан алғанда, бұл қару-жарақты жалаңдатқан сияқты көрінеді, өйткені Батыс жұртшылығы ұзақ уақыт бойы осы стратегиялық шабуылдаушы қарулардан қорқып келеді. Ядролық зымырандардың шектеулі саны қос елдің ядролық таяқты жалаңдатуға, бір-бірін бас алуға деген бейімділікті төмендетеді. Содан кейін де олар осы келісімшартқа қол қойды, бұған дейін он жылдаған арада жұмыстар жүргізілді. Ал қазір Ресей бұл шарттан шыға тұрмақ. Владимир Путин тағы да Батыс қоғамына қысым жасап, шабуылдаушы ядролық зымырандардың санын көбейтуге дайын. Бірақ, менің ойымша, бұл жайт Ресей мен Америка арасындағы қарым-қатынасқа түбегейлі өзгеріс әкеле қоймайды". Ғазиз Әбішев

Ол аталған шарттан шыға тұру ядролық зымырандар санын, онда да ұшыруға дайынын арттыруға әкелуі мүмкін екенін айтады. Бірақ қазір ядролық соғыстан қорқудың қажеті жоқ, - дейді саясаттанушы.


"Бұл Ресейдің қазір оны (ядролық соғыс - шамамен ред.) жаппай бастап кетеді дегенді білдірмейді". Ғазиз Әбішев

Сондай-ақ, шарттан шыға тұру Ресей мен АҚШ арасындағы өзара инспекциялар мүмкіндіктерін шектеуін білдіреді.

"Менің ойымша, Америка спутниктік бақылау жүйелерін әлдеқашан өрістетіп қойған. Америкалықтар: "Біз Ресейдің Украинаға ядролық соққы беруге дайындалып жатқанын байқап отырғанымыз жоқ", дегенінде, олар кешенді құралдарымен көктен Ресей қаруларын қалай, қай бағытта жылжытып жатқанын көріп, өзінше талдау жүргізеді деп ойлаймын. Ресей қазір дүдамал Батысты одан сайын қорқыта түсу үшін осының барлығын жауып, ақпаратты құпияландыруға тырысады. Бірақ тағы да америкалықтардың бұл жағдайда қолданар өзіндік қарсы шаралары бар деп ойлаймын". Ғазиз Әбішев

2023 жылдың 21 ақпанында Ресей президенті Владимир Путин Федералды жиын алдында Жолдау жариялады. Ол Ресейдің СВН-ІІІ шартынан шыға тұратынын мәлімдеп, Қорғаныс министрлігі мен Росатомға Ресейдің ядролық қаруын сынауға дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды, егер АҚШ бірінші болып оны сынаса.

Жадыра Жұлмұхаметова

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: