Джо Байден делегациясының бір мүшесі аяғынан шалынып, ұшақ баспалдағынан домалап кетті
WPROST.pl. поляк газеті жазғандай, ер адам аяғынан шалынып, құлап, баспалдақтан домалап кеткен. Жерге осылайша домалап түскен оны сол маңдағы адамдар көтеріп тұрғызған.
Дүйсенбіде Байден өзінің Польшаға ресми сапары алдында аяқ-астынан Киевке соққаны да нақтыланады. Ол Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, сонымен қатар 500 миллион долларға жуық әскери көмек пакеті бөлінгенін жариялады.
Путин бұған дейін АҚШ-пен жасасқан Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды одан ары қысқарту жөніндегі шаралар туралы шарттан (СНВ-ІІІ) шыға тұратынын жариялаған болатын. Сондай-ақ, ол Қорғаныс министрлігі мен Росатомға Ресейдің ядролық қаруды сынауға дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды, егер оны АҚШ бірінші болып сынайтын жағдайда.
АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Президенті Владимир Путинмен қару-жарақтарды шектеулер жайын талқылауға дайын екенін мәлімдеді.