Байден тағы да ұшаққа мінер кезде сүрініп құлады
Сурет: видео скрині
АҚШ Президенті тағы да ыңғайсыз жағдайға тап болды. Джо Байден Варшавадан ұшқалы жатқанда сүрініп, ұшақтың баспалдағынан құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ Президенті ұшаққа мініп бара жатқанда жарты жолда сүрініп, қолын баспалдаққа тіреп үлгерген, бірақ бірден көтеріліп, әрі қарай жүріп кеткен.
Ол осыдан кейін өзін шығарып салғандарға қол бұлғап, кейін ұшаққа кіріп кетті.
Мұндай жағдай Джо Байденнің басынан алғаш рет өтіп тұрған жоқ. Былтыр мамырда ол Иллинойсқа ұшар алдында ұшақтың баспалдағымен көтеріліп бара жатып сүрінді. 2021 жылдың желтоқсанында Атлантаға ұшар алдында ол үш рет сүріндірді, ал сол жылдың наурыз айының басында тізерлеп құлады, ешкім сол кезде ешкім оның көтерілуіне көмектеспеген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript