Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен Сабина Мамадиярова елге оралды
Сурет: ҚР ТЖМ
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айбек Смадияров Сабина Мамадиярова бұл жағдайға қатысты пікір бергісі келмегенін айтты.
"Ауруханада жатқан уақытында консулымыз онымен үнемі байланыста болды. Оның қасында туыстары болды. Ол қазір Қазақстанда, елге оралды. Бірақ ол өзін мазаламауды сұрады. Ешқандай пікір білдіргісі келмейді. Біз әрине, оның "Анталия-Алматы" рейсімен елге келуіне көмектестік", - деді СІМ ресми өкілі.
Бұдан бұрын Сабина Мамадиярованың Түркиядағы жер сілкінісі кезінде үйінді арасынан табылғаны хабарланған еді. Сонымен қатар оның қолы сынғаны айтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript