Түркияда қатарынан үш рет жер сілкінді
Сурет: afad.gov.tr
Түркияның Кайсери қаласында 6 минут ішінде қатарынан үш рет жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы TRT телеарнасы елдегі төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бірінші жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:47-де тіркелді. Зілзала ошағы Инжесу округінен анықталды.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,7, 4,4 және 4,3.
Сол маңдағы бір елді-мекенде топырақ көшкіні байқалған.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әлі ақпарат келіп түспеген.
Айта кетсек, БҰҰ Түркиядағы жер сілкінісінен болған залал көлемі 100 миллиард доллардан асуы мүмкін деп мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript