Димаштың жаңа әні АҚШ радиосында қойылды
Бұл Димаштың америкалық фан-клубының арқасында мүмкін болды. Олар бір апта ішінде бірнеше америкалық радиостанциялармен байланысып, "Together" әнін эфирден тыңдауға үміт еткен.
Осылайша Димаштың жаңа синглы диджей Гвендолиннің (Zaxus) екі сағаттық "Mad Talk" бағдарламасында шырқалды. Композиция әлі бағдарламаға қосылмаған болса да, Гвендолин оны өз бағдарламасының эфиріне енгізді. Шоуы басталғаннан кейін бірден радио жүргізуші қазақстандық орындаушының жаңа әні шыққанын хабарлады.
"Димаш Құдайберген жаңа ән шығарды, мен оны бүгін сіздер үшін қосуды жөн көрдім", - деді радио жүргізуші деп жазды Dimashnews.com сайты.
Бұл «Mad Talk» бағдарламасының эфирінде Димаштың композициясы бірінші рет шырқалмады. 2020 жылдың 7 маусымында Гвендолин бағдарламасында қазақстандық орындаушының алты әні шырқалды. Содан кейін радио жүргізушісі Димашқа бағдарламасының 45 минутын бөлген еді.