ЕО Ресейге қарсы санкциялар аясында ЕАДБ қаражаттарын бұғаттады. Кипр Украинаға қару беруден бас тартты
- РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Федерациясының АҚШ немесе НАТО-ның қақтығысқа тікелей немесе жанама түрде қатысы барына күмәні жоқ екенін мәлімдеді.
- Владимир Зеленский Жоғарғы Бас қолбасшысы отырысында украин әскерлерінің жоспары туралы ақпараттың сыртқа шығуының алдын алу мәселелерін талқылады - Украина Президентінің кеңсесі.
- Румын фермерлері украин астығының жөн-жосықсыз тасымалына наразылық білдіруде.
- Си Цзиньпин мен Макрон Гуанчжоуда бейресми кездесу өткізді. Олар халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттары негізінде Украинада бейбітшілікті қалпына келтіру бойынша қолға алынған барлық шараларды қолдайтындықтарын мәлімдеді.
- ЕО Ресейге қарсы санкциялар аясында ЕАДБ қаражаттарын бұғаттады.
- Рим Папасы Франциск шиеленісуші тараптарды 9 сәуірден бастап православтар мен католиктердің Пасха мерекесі кезінде Украинада екі апталық бітімгершілікті орнатуға шақырды.
- Кремль Ватиканның Украинадағы Пасха бітімі туралы мәлімдемесінен хабарсыз, - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
- Украинаның қарсы шабуылы алдағы апталарда басталады, - деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. Оның айтуынша, Вашингтон Украина Қарулы күштерінің бұл әрекеттерін қолдайды. Сонымен қатар, ол Қырымды қайтару жөніндегі шешімді Украина қабылдауы керек деп санайды.
- Ресей өзінің одақтасы ретінде Беларусь үшін қауіпсіздік кепілдіктерін қарастыруы керек, - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
- "Біз халықаралық құқыққа негізделген келіссөздер процесі арқылы соғыстың аяқталғанын қалайтындығымызды тағы да атап өттік. Әдеттегідей, біз шиеленісті реттеу үшін Анкара барлық күш-жігерін салуға дайын екендігін жеткіздік", - деді Түркия СІМ басшысы Чавушоглу РФ СІМ басшысы Лавровпен кездесуі кезінде.
- Кипр Украинаға қару беруден бас тартты. Никосия тек гуманитарлық көмек жіберетінін жеткізді.
- S & P Global Ratings Украинаның шетел валютасындағы ұзақмерзімді тәуелсіз рейтингісін теріс болжаммен: "CCC+" - мен "CCC" - ге дейін төмендетті, деп хабарлады агенттік.
- Ресей Федерациясының шекарасын заңсыз кесіп өтті деген күдікпен Брянск облысында жеңіл моторлы ұшақ апатынан кейін ұсталған украин ұшқышы 4 мамырға дейін қамауға алынды.