Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойылды
Сурет: akorda.kz
10 сәуірде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға келуіне орай жүргізілген келіссөздерден кейін екі ел арасында бірнеше меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда екі ел мынадай меморандумдарға қол қойды:
- Қазақстан Республикасы Телерадио кешені мен Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік ақпараттық агенттігі арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
- Қолданбалы этно-cаяси зерттеулер институты мен Баку Халықаралық мультимәдениет орталығы арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
- Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Әзербайжан Республикасының шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
- Қазақстан Ркспубликасы Ұлттық ғылым академиясы мен Әзербайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы арасындағы ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
- Қазақстан Республикасының Отандастар қоры мен Әзербайжан Республикасының Диаспоралармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
- Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекет аралық кеңесін құру туралы хаттамаға және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келді. Ильхам Әлиевті Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript