Ердоған денсаулығына қатысты жайсыз жағдайдан кейін көп алдында алғаш рет төбе көрсетті
Түркия мен Ресей президенттері Түркияның "Аққуым" АЭС № 1 энергоблогына ресейлік өндірістегі отынның жеткізілуіне арналған салтанатты рәсімге қатысты, делінген РФ Президентінің ресми сайтында.
Сондай-ақ TRT Haber телеарнасының Twitter-дегі ресми аккаунтында да түрік көшбасшысының суреттері жарияланды.
"Президент Ердоған Ресей Президенті Путинмен телефон арқылы сөйлесті", делінген телеарнаның хабарламасында.
#SONDAKİKA
— TRT HABER (@trthaber) April 27, 2023
Cumhurbaşkanı Erdoğan, Rusya Devlet Başkanı Putin ile telefonda görüştü.https://t.co/DEcu4qiMKO pic.twitter.com/lNEc89fC81
Айта кетсек, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде сұқбат беріп жатып, кадрдан тыс үнсіз қалады, артынан жөтелген дауысы шығады. Ал жүргізуші орнынан тұрып кетеді.
🔴 Cumhurbaşkanı Recep Tayyip Erdoğan'ın katıldığı Ülke TV yayınında yaşanan bir sorun nedeniyle yayına ara verildi.
— THE TURKISH TIME (@THETURKISHTIME) April 25, 2023
📌 Yayın kesilmeden önce kamera arkasından "eyvah eyvah" sesleri duyuldu.#Sondakika #Erdoğan #Canlı pic.twitter.com/yFmJ8IHSKk
Кейін түрік басшысы ол кезде тұмауға байланысты өзін жайсыз сезінгенін жеткізді. Сондай-ақ, ол денсаулығына байланысты Қырыққала, Сивас және Йозгаттағы сайлауалды шараларға қатыса алмайтынын айтты. Кейінірек желіде Түркия Президентінің миокард инфаркт алғаны туралы қауесет тарады. Алайда Түркияның ресми билігі бұл дақпыртты жоққа шығарды.
Айта кетсек, Түркияда 2023 жылы 14 мамырда президент сайлауы өтеді.