Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайда COVID-19 құрбандарының видеосын желіде жариялаған адам бостандыққа шыққалы жатыр

COVID-2019, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2023 17:55 Сурет: freepik
Қытай билігі COVID-19 пандемиясы кезінде науқасқа және өлі адамдарға толы ауруханалардың видеосын жариялаған, үш жыл бұрын жоғалып кеткен адамды түрмеден босатқалы жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай билігі жексенбі күні COVID-19 пандемиясы кезінде науқасқа және өлі адамдарға толы ауруханалардың видеосын жариялаған, үш жыл бұрын жоғалып кеткен адамды босатқалы жатыр, деп ABC News оның інісінің және осы іспен жақсы таныс тағы бір адамның сөзін келтіреді.

Фан Бинь және азаматтық журналистер деп өзін атаған басқа да қоғам өкілдері 2020 жылдың басында пандемия туралы мәліметтерді интернет пен әлеуметтік желілерде жариялады. Осы үшін Қытайда бірқатар шенеуніктер ұятқа қалды.

Дәстүрлі қытай киімін сататын Фан Twitter-де жариялаған соңғы видеосында: "Барлық азамат қарсылық көрсетуде, билікті халыққа қайтарыңдар" деген жазудағы қағазды ұстап тұрған болатын. 

Фан ісі - пандемия басталғанда инфекция жұқтырушылардың көбісін санаққа ілмеген Қытайдағы цензураның бір парасы.

Сотталушымен жақын таныс екі адамның айтуынша, ол жексенбіде босатылуы керек еді. Олардың бірі Фан "дау-дамай тудырып, қиындықтарға жол бергені" үшін үш жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: