Түркияның Измир қаласында кофеханада атыс болып, бес адам қаза тапты
Сурет: pixabay
Измирдегі кофеханалардың бірінде болған қарулы қақтығыс салдарынан бес адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті Hürriyet басылымының жазуынша,өзара жанжалдасып жүрген екі топ мүшелері қарыз жөніндегі келіспеушіліктерді талқылау үшін бас қосқан. Әңгіме соңы атысқа ұласқан.
Барлығы жеті адам оқ жарақатын алып, олардың бесеуі дәрігерлер келгенше қайтыс болып кеткен. Аман қалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript