Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда жер сілкінісі кезінде жоғалған бала басқа елден табылды – БАҚ

Оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 21:15 Сурет: pixabay
2022 жылдың ақпанында Түркияда болған жер сілкінісінен аман қалған кішкентай бала түсініксіз жағдайда Нидерландыдан табылған. Көшеде жалғыз жүрген баланы Маастрихт қаласының тәртіп сақшылары байқайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, бала үлкен қалада жападан жалғыз жүрген және голланд тілінде сөйлей білмеген. Табылған баланы полиция бөліміне апармастан бұрын тәртіп сақшылары тәттілермен тамақтандыру үшін баланы, алдымен кондитерлік дүкенге ертіп апарыпты. 

The Daily Star хабарлағандай, полиция бөлімінде баламен ана тілінде сөйлесе алатын ұлты түрік қызметкер болған. Осылайша, баланың Түркиядан екені белгілі болды.

Баланың ата-анасы өз Отанында 2000 миль қашықтықта, бұл дегеніміз Нидерландыдан 3000 км-ден астам жер. Олардың отбасы жойқын жер сілкінісі кезінде зардап шеккен. 

Әлеуметтік қызметтер баланы біраз уақытқа балалар үйіне орналастырды. Оның басқа елде қалай жалғыз жүргені әлі белгісіз.

Түркияның Гаагадағы елшілігі бұл жағдайға назар аударып, түсініктеме алу үшін Нидерланды сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

Айта кетсек, Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандардың саны 50,5 мың адамға жетті. Жер асты дүмпулерінің ошағы Кахраманмараш провинциясына дөп келді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: