ГФР Қытайды Ресейге ықпал етуге шақырды. АҚШ Украинаға кезекті көмек пакетін ұсынбақ
Сурет: Facebook/Olaf Scholz
АҚШ Президенті Джо Байден Ресейдің ядролық қаруды қолдану ықтималдығы "нақты" деп атады, Германия халқы украиналық босқындардың есебінен айтарлықтай өсе түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
- РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу: "Егер Украина арнайы операция аймағынан тыс Ресей территориясына Батыс зымырандарымен соққы беретін болса, онда бұл АҚШ пен Ұлыбританияның шиеленіске "толыққанды тартылуы" ретінде қарастырылады";
- Путиннің тактикалық ядролық қаруды қолдану қаупі "нақты", - деді АҚШ Президенті Джо Байден;
- Путин украин тақырыбы бойынша диалог пен байланысқа дайын, бірақ Киевтің қазіргі ұстанымы келіссөздерге тікелей жол бере алмайды, - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков;
- Украина барлау қызметінің басшысы Кирилл Буданов жергілікті телеарнаға шығып, өзінің өлімі немесе жарақат алғаны туралы БАҚ-тағы хабарламаларды жоққа шығарды;
- РФ Цифрлық министрлігі дрондарды анықтау және бұғаттау жүйелерінің жұмысқа кірісуіне байланысты GPS және ұялы байланыста орын алған ақаулар мәселесін шешу үшін арнайы топ құруды жоспарлап отыр;
- "Қаншама қару-жарақ берілсе де, қақтығыс аяқталмайынша ол жеткіліксіз болады". Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба осылай деп мәлімдеме жасады;
- Астық мәмілесі аясында Ресей Федерациясының үш негізгі талабын орындауы тиіс БҰҰ бұл ретте ештеңе істей алмайтынын мойындады;
- РФ Мемлекеттік Думасы мобилизация және әскери жағдай кезінде келісімшарт жасасқан адамдарды Қылмыстық кодекс бойынша жауапкершіліктен босатудың құқықтық кепілдіктері туралы заң қабылдады;
- Егер НАТО Столтенберг арқылы кезекті мәрте Украинадағы қақтығысты "тоқтатуға" қарсы екенін мәлімдесе, демек олар соғысқысы келеді, - деді РФ СІМ басшысы Сергей Лавров;
- АҚШ сәрсенбі күні - 21 маусымда Украинаға берілетін жаңа ірі көмек пакетін жариялайды, - деді Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен;
- Еуропалық комиссия ЕО-ның барлық 27 елінен Украинаны қолдауға, көші-қонмен күреске, ел экономикасын ынталандыруға €66 млрд қосымша қаражат бөлуді сұрады;
- Сондай-ақ, Еуропалық комиссия Украинаға келесі төрт жылы үшін 50 млрд евроның көмек ақшасын алдын ала жоспарлап, бөліп қоюды ұсынды, деп мәлімдеді ЕК басшысы Урсула фон дер Лейен;
- ГФР канцлері Олаф Шольц украин шиеленісін мүмкіндігінше тезірек реттеу үшін Қытайды Ресейге ықпал етуге шақырды;
- ЕО-ның бас дипломаты Боррель ЕО оқ-дәрілерді өндіруге қажетті маңызды материалдар жетіспей жатқандықтан, оны импортқа алуға мәжбүр екенін жеткізді;
- Германияның халқы 2022 жылы 1,12 миллион адамға өсіп, рекордтық деңгей - 84,4 миллионды құрады. Мұндай шалт өсім негізінен украиндық босқындардың көші-қонымен байланысты, деп хабарлайды Германияның Федералды статистикалық департаменті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript