Жаңалықтар тізбегі
0

Лукашенко Пригожинді бүлікті доғаруға қалай көндіргенін айтты

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2023 20:07 Сурет: видеодан алынды
Беларусь Президенті Александр Лукашенко Пригожинді қалай көндіргенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төменде Беларусь Президентінің баспасөз қызметі жариялаған диалог берілген.

"Сен Путинді маған қарағанда жақсы білесің ғой. Екіншіден, мынандай жағдайдан соң ол сенімен кездеспек-түгілі телефонмен де сөйлеспейді".

Үнсіздік.

"Бірақ біз әділеттілікті қалаймыз! Бізді тұншықтырғысы келеді! Біз Мәскеуге барамыз!".

Содан мен айттым: "Жарты жолда бүргені соғып ұрған секілді сендерді таптай салады. Әскерлер тиісті майдан шебінде болғанына қарамастан, бұл жайын Путин маған ұзақ айтты. Ойлан, айтқанын жеткізіп тұрмын".

"Жоқ". "Осылай деп әлі эйфориядан шыға алмай тұр өзі", – деді Беларусь Президенті.

Содан сөз соңында былай дедім: "Білесің бе, өз білгеніңді жаса. Бірақ маған одан кейін ренжіме. Мәскеуге лақтыратын бригада дайын тұр. 41-ші жылдағыдай, кітап оқисыз ғой, білімді, ақылды адам емессіз бе, міне тура сол кездегідей біз Мәскеуді қорғайтын боламыз", - деді Лукашенко.

Сондай-ақ Лукашенко қазір Пригожиннің Беларусь елінде екенін растады.


Айта кетсек, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағы сарбаздар әскери көтеріліс жасады. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламадан кейін белгілі болды.

Мәскеу қаласында, Мәскеу және Воронеж облыстары территориясында ықтимал террористік актілердің жолын кесу үшін терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

РФ-дағы ҚР елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

Ресей армиясының генералы "Вагнер" ЖӘК басшылығы мен жауынгерлерін сабырға шақырды.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК-тің шабуыл жасағы жауынгерлеріне жүгініп, оларды алдап, Пригожин қылмыстық авантюрасына және қарулы көтеріліске тартқанын мәлімдеді.

Көп ұзамай Владимир Путин үндеу жасады. Ол елді қорғау үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Евгений Пригожинмен келіссөздер жүргізді және ол өзінің әскери компаниясының жорығын тоқтатуға келісті.

Кейінірек РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Пригожинге қарсы қарулы бүлік бойынша қозғалған қылмыстық іс жабылып, оның өзі Беларусь еліне кететінін, ал Вагнер жасағы өз лагерьлеріне оралатынын мәлімдеді. Кешке Пригожин және оның жауынгерлері Ростов-на-Донудағы Оңтүстік әскери округі штабын тастап шықты. 

25 маусымда Мемлекеттік Дума өкілі "Вагнер" ЖӘК-тің болашақ тағдырына қатысты түсініктеме берді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: