Түркияда тағы да жер сілкінісі болды
Сурет: pixabay
4,1 баллдық жер сілкінісі Түркияның шығысындағы Элязиг провинциясында тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Табиғи апаттарды жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер асты дүмпулері Сивирч ауданында жергілікті уақыт бойынша 15:40-та (Астана уақыты бойынша 18:40-та) тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 4,99 шақырым тереңдікте болғандығы да нақтыланады.
Айта кетсек, 19 маусымда Түркияның Адана провинциясында 4 баллдық жер сілкінісі тіркелген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript