НАТО-ның бас хатшысы Құранды өртеу заңсыз әрекет болмағанын мәлімдеді
Сурет: nato.int
Стокгольмдағы атышулы әрекет жөнінде пікір білдірген НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Швецияда Құранды өртеуге заң бойынша тыйым салынбағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Альянс басшысының айтуынша, Швецияны НАТО-ға қабылдау бойынша әлі келіссөз жүріп жатыр. Бұл жөнінде ол Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды ТАСС.
Столтенберг Құранды өртеу қорлау екенін атап өтті.
"Бұл қорлайтын және айыптауға жататын әрекеттер зайырлы заң жүйесінде заңсыз болуы міндетті емес. Біз Швециядағы Түркияға және НАТО-ға қарсы наразылықты да көрдік. Мұның бәрі маған ұнамайды, бірақ мен адамдардың келіспеу құқығын қорғаймын, ол өз ойын жеткізу еркіндігі".Йенс Столтенберг
Альянс бас хатшысы Түркиямен Швецияның НАТО-ға кіруі бойынша келіссөз жүргізілетінін айтты. НАТО саммиті 11-12 шілдеге жоспарланған.
Құрбан айттың бірінші күні Ирактан шыққан Салван Момик есімді жігіт қасиетті кітаптың парақтарын жұлып алып, үстіне шошқа етінен жасалған бекон қойып, өртеп жіберген. Стокгольм полициясы осы акцияны өткізуге рұқсат берген.
Ирактағы Швеция елшілігінің алдында осы жағдайға қарсы наразалық шеруі өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript