Польша өз жерінде ядролық қару орналастырғысы келеді. ЕО Қытайды Ресейге ықпал етуге тағы шақырды
Сурет: Instagram/morawieckipl
Украина Президенті Владимир Зеленский альянс елдерінің басшылары Украинаның мүшелігі мәселесінде "батылдық" танытпаса, Вильнюстегі НАТО саммитіне бармай қалуы мүмкін. Киев Беларусь территориясында "Вагнер" ЖӘК-тің болуын қауіпті деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- НАТО-ның Вильнюстегі алдағы саммитінде Украинаны қолдау үшін маңызды пакет қабылданады. Мұны саммиттің жемісті нәтижесі деп атауға болады, - деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэттью Миллер.
- Пентагон өкілі Патрик Райдер Украинаға Аtacms зымырандарын беру туралы дайындалып жатқан шешімдер жайынан өзінің хабары жоғын айтты.
- Армия генералы Сергей Суровикин Мәскеудегі "Лефортово" тергеу изоляторында жоқ, ол өзге де уақытша ұстау изоляторларында болмаған. Қоғамдық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы Алексей Мельников осы негіздегі қауесеттерге түсініктеме берді.
- Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ЗАЭС-ті жарып жіберуді жоспарламағаны туралы хатты таратты - Ресей Федерациясының БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Василий Небензя.
- Украина Президенті Владимир Зеленский альянс елдерінің басшылары Украинаның мүшелігі мәселесінде "батылдық" танытпаса, Вильнюстегі НАТО саммитіне бармай қалуы мүмкін, - деді Украина Президенті Кеңсесі Басшысының орынбасары Игорь Жовква.
- Ақ үйде Украинаға таспадағы оқ-дәрілерді жеткізу мүмкіндігі туралы талқы жанданып жатыр, деп жазады Politico.
- ЕО Украинаға одақ елдерінің мүдделеріне нұқсан келтірмей әскери көмек көрсетуге ниетті, делінген келіссөздер қорытындысы бойынша мәлімдемеде.
- Путинге ресейліктердің 78,6%-ы сенеді, оның жұмысын 74,8%-ы мақұлдайды — ВЦИОМ сауалнамасы.
- Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Ресей Федерациясының бүлік жасау әрекеті мен елдегі процестерге ықпал етуші ықтимал жағдайлар бойынша ешкімге ештеңе түсіндіруге міндетті емес екенін айтты.
- Украина әскерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужный The Washington Post газетіне берген сұқбатында Украинаның қарсы шабуылын "баяу" деп атайтын пікірлер өзінде ашу туғызатынын айтты. Валерий Залужныйдың айтуынша , ұрыс-қимыл әрекеттері - "шоу емес", ал қайтарылған әрбір метр жер қан төгумен келеді.
- Киев Беларусь территориясында "Вагнер" ЖӘК-тің болуын қауіпті деп санап, республикадағы жағдайды мұқият қадағалауға алған, деп мәлімдеді Украина ҰҚК хатшысы Алексей Данилов.
- Еуропалық Одақ саммитіне қатысушылар Қытайды Ресейге ықпал етуге шақырды, ешқандай шарт қоюсыз әскерлерін дереу және толығымен Украинадан әкетуі үшін.
- Германия канцлері Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалану мәселесі "өте қиын" деп атады және мұны қалай жасауға болатынын әлі ешкім білмейтінін жеткізді.
- Польшаның Премьер-министрі Матеуш Моравецкий Ресейдің Беларусьқа орналастырғаны секілді, соған жауап ретінде өз елі де өздерінде америкалық ядролық қаруды орналастырғысы келетінін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript