Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтті деп танылды
Құзырлы ведомствоның мәліметінше, жергілікті уақыт 11:00-дегі (Астана уақыты бойынша 12:00) жағдай бойынша республика президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылардың 33,54%-ы дауыс берген. Өзбекстан заңнамасына сәйкес, жалпы сайлаушылардың 33% шегі игерілгенде сайлау өтті деп саналады.
Өзбекстанның ОСК деректері бойынша, сайлаушылар тізіміне 19 млн 593 мың 838 азамат енгізілді, 14 округтік сайлау комиссиясы, 10 784 сайлау учаскесі құрылды. Шетелде жүрген өзбекстандықтар үшін 39 елде 56 сайлау учаскесі ашылды. Қазақстан территориясында, атап айтқанда Астана, Алматы және Ақтау қалаларындағы Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктерінде сайлау учаскелері ашылды.
Учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 20-00-де жабылады. Дауыс беру қорытындысы дүйсенбі күні таңертең жарияланады деп жоспарланған.
Төрт адам президенттіктен үміткер. Экологиялық партия өз көшбасшысы Абдушукур Хамзаевты, Халықтық-демократиялық партия өз көшбасшы Ұлықбек Иноятовты, "Адолат" социал-демократиялық партиясы - Жоғарғы Сот төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Робахон Махмудовты, ал "Ұзлидеп" басқарушы партиясы - қазіргі президент Шавкат Мирзиёевті ұсынды.
Жексенбіде Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.