Иранда қатты ыстыққа байланысты екі күн демалыс жарияланды
Сурет: pexels
Сәрсенбі күні Иран кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді екі күнге жабады. Себебі елде ауа температурасы 104 градус және одан жоғары болады деп болжанды.
Елдің Денсаулық сақтау министрі аптап ыстықтың халық денсаулығына кері әсер ететінін ескертті. Аптаптан зардап шеккендерге медицина көмегін көрсету үшін медицина орталықтары дабыл қағып жатыр.
"Осы күндері бұрын-соңды болмаған аптап ыстыққа байланысты азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында үкіметтік кеңес сәрсенбі және бейсенбі күндері еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіпорындарды жабу туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысына келісті.Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Әли Бахадори Джахроми
Иранда электр энергиясына деген сұраныстың артуына байланысты сейсенбі күні бірнеше электр станциясы сөндіріліп, кей қалаларда электр қуатының өшкені тіркелді.
Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Саид Карими 65 жастан асқан қарттар мен 4 жасқа дейінгі балалар ыстық ауа райына сезімтал болатынын айтты. Жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті және жоғары қан қысымымен ауыратын адамдар да қызып кетуге бейім.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript