Әбу-Дабиде өткен халықаралық көрмеде қазақтың саумалы ұсынылды
Сурет: primeminister.kz
Қазақстандық өндірушілер Әбу-Дабиде өтіп жатқан ХХ халықаралық аңшылық және ат спорты көрмесіне бие сүтінен жасалған дәстүрлі емдік сусын - саумал апарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өнім байқауға қатысушылар мен көрмеге келушілер арасында танымал болған. Бұл туралы 24.kz жазды.
"Қазақстанның ұлттық брендінің өнімін ұсынып отырмыз. Бұл - табиғи бие сүті, емдік сусын. Қазір саумал әмірліктер мен Парсы шығанағы елдеріне сатылып жатыр".Абдаллах Халед Мариан, өндіруші компанияның өкілі
Көрмеге әлемнің 65 елінен 1200 өнім өндіруші қатысып жатыр. Айтпақшы, биыл Орталық Азия елдерінен келген қатысушылардың тауарлары кеңінен ұсынылған.
Бұған дейін Қазақстан туроператорлары жүргізген сауалнама нәтижесі шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – "қазақтың еті" екенін көрсеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript