Жаңалықтар тізбегі
0

Режеп Тайып Ердоған 3 қарашада Қазақстанға келеді

Режеп Тайып Ердоған 3 қарашада Қазақстанға келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 15:20 Сурет: akorda.kz
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы мерейтойлық саммиті аясында Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Астанаға ресми сапармен келді. Ол ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесті.

"Президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы мерейтойлық саммитіне сапары 3 қарашаға жоспарланған. Біз оны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге келістік. Бұл - біздің әріптестікті стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы".Мұрат Нұртілеу

ҚР сыртқы істер министрі Түркияның тауар айналымы бойынша Қазақстанның төртінші сауда серіктесі екенін айтты. Былтыр елдер арасындағы тауар айналымы 6,3 миллиард долларға жетсе, биылғы жылдың жеті айында бұл көрсеткіш 3,6 миллиард доллар болды. Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 4300 компания жемісті жұмыс істейді.

"Биыл сіздерді Түркия Республикасының жүз жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінде Анкараның әлемдегі беделі мен рөлі жыл сайын артып келеді. Түркия жаһандық дағдарыс пен аймақтағы шиеленісті реттеуде ерекше белсенділік танытып отыр. Бүгін біз дәстүрлі достық, өзара қолдау және сенім рухында нәтижелі келіссөздер жүргіздік. Біз ынтымақтастықтың жаңа бағытын талқыладық. Өзекті аймақтық және халықаралық проблемаларға назар аудардық және диалогымызды жалғастыруға келісті. Жаһандық үрдістер бойынша екі елдің ұстанымы өте жақын".Мұрат Нұртілеу

Хакан Фидан өз кезегінде 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 60%-ға өскенін атап өтті. Бұл көрсеткіш одан әрі өсіп отыр. Министрдің айтуынша, екі президент қойған мақсат — оны 10 миллиард долларға жеткізу енді алыс емес. Хакан Фидан Түркияда Қазақстан кәсіпкерлерінің көбірек болғанын қалайды.

Түркия СІМ басшысы Түркия мен Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдан бастап Украинадағы соғысқа дейін көптеген мәселелерді талқылауы керек екенін айтты.

"Әрине, геосаяси динамика қарқынды өзгеріп жатқан осы кезеңде түрік-қазақ ынтымақтастығының маңызы күн сайын артып келеді. Қазақстанда қараша айында "отбасылық кездесу" - Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммиті өтеді. Бүгін біз дайындықты бастадық. Саммит барысында Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық Қазақстанға ауысады. Біздің өзекті мәселелер бойынша көзқарастарымыздың сәйкес келетінін қуана атап өтуге болады".Хакан Фидан

Ол Түркияның Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жіті қадағалап отырғанын және осы және басқа мәселелерде Қазақстанды қолдауға дайын екенін атап өтті. Хакан Фидан Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысымен лаңкестік ұйымдармен бірлесіп күресу шараларын талқылағанын айтты.

Сенат депутаттары 7 қыркүйекте өткен жалпы отырыста Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету туралы келісімді ратификациялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: