Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді қабылдады

Мәжіліс Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 17:02 Сурет: pexels
Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) Анкарада 2023 жылғы 16 наурызда жасалды.

Келісімнің мақсаты – өңірішілік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы Түркітілдес мемлекеттер ұйымына (бұдан әрі ТМҰ) қатысушы мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін Түркі инвестициялық қорын құру. Келісім Түркі инвестициялық қорындағы (бұдан әрі – Қор) құқықтық қатынастардың мақсаттарын, функцияларын, өкілеттіктерін және мүшелігін белгілейді.
Келісімге сәйкес Қордың жарғылық капиталының мөлшері 500 млн. АҚШ доллары болатын өңірлік инвестициялық тетікті білдіретін халықаралық қаржы ұйымы мәртебесі болады. Қордың капиталы айналымға жататын төленген және тартылатын акциялардан қалыптасады. Акциялардың жалпы номиналды құны 350 млн. АҚШ долларын құрайды, олардң ішінде 70 млн. АҚШ доллары ТМҰ мүшелерінің үлесіне тиесілі және 150 млн. АҚШ доллары тартылатын акция болып табылады. Осылайша, Келісімде алдағы 4 жылға республикалық бюджеттен 31 218 600 мың теңге немесе 70 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қаражат бөлу көзделеді.

Қор өз мақсатына жету үшін инвестициялық қызмет арқылы мынадай функциялар мен өкілеттіктерді орындайды:
  • өңірішілік сауданы дамытуға көмек көрсету;
  • жобаларды, атап айтқанда микро-, шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыру;
  • халықаралық және ұлттық қаржы институттарымен, және даму институттарымен, сондай-ақ сауда палаталарымен және жеке ұйымдармен ынтымақтасу және бірлесіп қаржыландыру;
  • көліктік және логистикалық тізбектерді, қойма және өндірістік қуаттарды кеңейтуді қолдау;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қоса алғанда, физикалық және цифрлық инфрақұрылым жасауды және оны жаңғыртуды қолдау;
  • өнеркәсіп өндірісін, инфрақұрылымды, көлікті, ауыл шаруашылығын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және туризмді қоса алғанда, өзара мүдделі салаларда даму жобаларын қолдау;
  • энергия тиімділігіне, жаңартылатын энергия көздеріне және қоршаған ортаны қорғауға инвестиция салу арқылы «жасыл экономиканы» дамытуға ықпал ететін жобаларды қаржыландыру;
  • егер бұл қажет деп табылса, инвестициялық жобаларды дайындауға көмек және қаржылай қолдау көрсету;
  • Қордың мақсатына қол жеткізуге ықпал ете алатын басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру және басқа да көрсетілетін қызметтерді ұсыну.
  • Қор түркі мемлекеттері құрған бірінші және негізгі бірлескен қаржы институты болады, оның функциялары ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін олардың экономикалық әлеуетін жұмылдыруға бағытталатын болады, бұл жерде кәсіпкерлікке жәрдемдесу, жұмыс орындарын арттыру, ашу басымдықта болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: