Жаңалықтар тізбегі
0

"Бәйтерек" холдингі герман бизнесімен ынтымақтастықты дамытады

"Бәйтерек" холдингі герман бизнесімен ынтымақтастықты дамыта бермек, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 12:34 Сурет: "Бәйтерек" холдингі
27 қыркүйек күні Берлинде Қазақстан-Германия жұмыс тобының жобаны қаржыландыру жөнінде бірінші отырысы өтті.

Отырысқа ГЭШК Орталық Азия елдерінің басшысы және президиум мүшесі, сонымен қатар GP Günter Papenburg AG бақылау кеңесінің мүшесі профессор Манфред Грундке, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов және Қазақстан компаниялары мен герман бизнесінің басқа да өкілдері қатысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 12:34

Сурет: "Бәйтерек" холдингі

Отырыс аясында "Қазақстанның даму банкі" АҚ Германияның Landesbank Hessen-Thüringen (Helaba) банкімен 100 миллион еуроға дейінгі сомаға Қаржылай ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл Жұмыс тобының қызметіне жаңа серпін берді.

"Бәйтерек" ұлттық холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов жұмыс тобы Қазақстанда да, Германияда да бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға негізгі тетік болатынын айтты.

"Біздің ынтымақтастықты нығайтуға, ұзақ мерзімді және өзара тиімді іскерлік қарым-қатынасқа негіз жасауға мүмкіндігіміз бар. Осы ретте жұмыс тобы тығыз сауда қатынасы мен коммерциялық байланысты дамытуға, сауда мен инвестицияны ілгерілетуге берік негіз береді", - деді Әділ Мұхамеджанов.
, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 12:34

Сурет: "Бәйтерек" холдингі

Қазір Жұмыс тобы Қазақстанның 30-дан астам бірлескен инвестиция жобасын, соның ішінде KAZAKH INVEST, Қазақстанның даму банкі, Ауыл шаруашылығы несие корпорациясы және Астана халықаралық қаржы орталығы жобаларын қарастырып жатыр.

Еске салайық, биыл 20 маусымда Астанада Германия Федеративтік Республикасының Федералды Президенті Ф-В. Штайнмайер Қазақстанда Қазақстан-Германия сауда-инвестициялық форумы алаңында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен Германия экономикасының Шығыс комитеті арасында бірлескен жобаларды қаржыландыру бойынша Жұмыс тобын құру ниеті туралы меморандумға қол қойған еді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 12:34

Сурет: "Бәйтерек" холдингі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: