Теракт жасауға әрекеттену: Анкарада Түркия ІІМ ғимараты маңында жарылыс болды
Сурет: Telegram/turknws
Анкараның орталығында Түркия ІІМ ғимаратының маңында жарылыс болды. Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша, теракт жасау әрекеті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті БАҚ оқиға орнына президенттік күзет қызметкерлері келіп жеткенін хабарлайды.
Телеарналардың хабарлауынша, ІІМ ғимараты мен Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі (Парламент) жанында атылған оқ дыбыстары естіледі. Полиция кварталды жауып тастады.
Түркия ішкі істер министрінің айтуынша, Анкарадағы министрлік ғимараты жанында теракт жасауға әрекеттену болды: лаңкестердің бірі өзін-өзі жарып жіберді, ал екіншісінің көзі жойылды.
"Сағат 09:30 шамасында ІІМ Күзет бас басқармасының кіреберіс қақпасына жеңіл көлікпен жақындаған екі лаңкес шабуыл жасады. Террористердің бірі өзін-өзі жарып жіберді, екіншісі бейтараптандырылды. Атыс барысында екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алды", - деді Түркия ІІМ басшысы.
Сондай-ақ, жергілікті БАҚ ІІМ ғимаратына сол маңдағы көліктен граната лақтырылғанын хабарлайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript