Анкарадағы жарылыс: Түркияда арнайы операция кезінде 20 адам ұсталды
Түркияның қауіпсіздік күштері террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшылар партиясына (КЖП) қатысы бар деген күдікпен 20-ға жуық адамды ұстады. Бұл туралы 2023 жылдың 2 қазанында Түркияның Ішкі істер министрі Әли Ерлікая Twitter-де жазды.
"Ыстамбұл мен Қырқларелідегі 26 мекенжай бойынша жүргізілген терроризмге қарсы операциялардың нәтижесінде 20 күдікті ұсталды". Түркияның ішкі істер министрі
1 қазанда Анкара қаласының орталығындағы Түркия ІІМ ғимаратының жанында жарылыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша, теракт жасалмақ болған. Түркия ІІМ министрінің айтуынша, Анкарадағы министрлік ғимаратының жанында террористік шабуыл жасалды: лаңкестердің бірі өзін-өзі жарып жіберді, екіншісінің көзі жойылды. Атыс кезінде екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алды. Құрбан болғандар жоқ.
BTÖ’YE YÖNELİK İSTANBUL VE KIRKLARELİ’NDE 2️⃣6️⃣ FARKLI ADRESE DÜZENLENEN OPERASYONLARDA 2️⃣0️⃣ ŞAHIS GÖZALTINA ALINDI❗️
— Ali Yerlikaya (@AliYerlikaya) October 2, 2023
TERÖRİSTLERİN VE ONLARIN İŞ BİRLİKÇİLERİNİN NEFESLERİNİ KESECEĞİZ❗️
İstanbul Terörle Mücadele Şube Müdürlüğümüzce, Bölücü Terör Örgütünün faaliyetlerinin deşifre… pic.twitter.com/XPxKoXuQZw