Қазақстан алапат жер сілкінісі болған Ауғанстанға құтқарушылар жібереді
Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.
"Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтіледі", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.
2023 жылы 7 қазанда Ауғанстанның батысында магнитудасы 6,2-ге тең жер сілкінісі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript