Жаңалықтар тізбегі
0

Израильде тұрып жатқан өзбек азаматының сұқбаты: Мұндай сұмдықты бірінші рет көруім

Израиль, Палестина, сұқбат, БАҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 21:27 Сурет: видеодан алынды
Өзбекстанның бұрынғы азаматы Қазақстан басылымына Израильдегі қазіргі жағдай туралы айтып, эксклюзивті сұқбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауіпсіздік мақсатында дереккөздің аты өзгертілді, деп хабарлайды эксклюзивті сұқбатты жариялаған Otyrar басылымы.

Роман 32 жыл бұрын Ташкенттен Тель-Авивке көшіп келген.

"Осында келгелі мұндай сұмдықты бірінші рет көруім", - дейді ер адам.

Оның айтуынша, сенбі күні таңертең ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылы Мысыр мен Сирияның қасиетті иудей мерекесі кезінде Израильге соққы берген - 1973 жылғы "Қиямет күні" соғысының ауқымымен пара-пар келеді.

Роман Газа секторының шекарасынан шамамен 100 шақырым қашықтықта тұрады. ХАМАС әскерлері таңғы 6:30-да қабырғаны бұзып өтіп, шабуылды бастап кеткен.

"Олар террористер туралы кинодағыдай 40 TOYOTA джипімен баса-көктеп келді, онда да көлік төбесінен басын шығарып, автомат ұстаған адамдары бар. Сонымен бірге көкте парапландар да төбе көрсетті, яғни олар әуе мен су арқылы да кіруге тырысты. Олар 22 елдімекенді басып алды. Адамдар кепілге алынды. Шекараға жақын жерде музыкалық фестиваль өтіп жатқан болатын. Ол арада шамамен 3000-ға жуық адам болды. Таңғы 6-да олар осы кештің үстінен түсіп, еш ойланбастан мылтықтан ата бастаған. Тұтқынға түскендер де бар. Израиль армиясы үшін бұл үлкен сәтсіздік болды. Аталған кеште жүздеген адам қаза тапты. Менің досымның қызы да осы кеште жоғалып кетті, әлі табылған жоқ. Анасы қызының не өлі, не тірі екенін білмейді".

Романның айтуынша, адамдар қатты қорқып қалған. "Израиль барлау қызметі мен армиясы ХАМАС-тың шекарадан өтуіне қалай жол беріп қойды" деген барлығының санасында жылт еткен бір сұрақ. Израиль БАҚ-тары ХАМАС қозғалысының өкілдері полиция киімін киіп, көлігімен демалуға бара жатқандарды жолдан тоқтатып, сол арада атып өлтіргенін де жазып жатыр. 

"Қазір "кім кінәлі" деп мәселені қарастырып жатуға шама жоқ". Қазір Израиль соғыс жағдайында. Қазірдің өзінде резервтегілер әскерге шақырылды, барлық күштер жан-жаққа лақтырылып жатыр. Егер олар осы бетімен Газаға кіретін болса, әрине түгін қалдырмайды ол араның. Алайда оларды ұстап тұрған жалғыз нәрсе бар: 130 тұтқын, осы жайт бәрін тізгіндеп тұрған секілді. Егер неғұрлым шешуші шаралар қабылданған болса, онда жексенбінің өзінде Газа жер бетінен жойылып кетер ме еді, қалай", - дейді Роман (есімі өзгертілген. Автор ескертпесі).

Жексенбіде Романның үйінен 30 шақырым жерге тағы бір зымыран келіп түскен. Ер адам өзінің қауіп-қатер аймағында екенін айтады, өйткені ол жоғарғы қабатта тұрады. "Бірақ барлық жағдайда бейбіт азаматтарға обал болды", деп санайды Роман.

"Көптеген адам өз өмірлерін жоспарлап, еңбектеніп, жылдар бойы талмай баспанасын салды, ал осының бәрі зымыранның бір соққысымен-ақ бір заматта жоқ болады", — дейді Роман.

Романның 18 жасар ұлы қазір әскерде. Ол 19 қыркүйекте әскерге шақырылған. Ол қазір жас жауынгер курстарынан өтіп жатыр, жоспар бойынша оларды ұрыс-қимыл аймағына жіберуге болмайды, бірақ әкесі бәрібір баласының өмірі үшін алаң.

Айта кетсек, Air Astana 10 қазанда Алматы – Тель-Авив – Алматы бағыты бойынша Қазақстан азаматтарын Израильден Ақтау қаласына техникалық қондыру арқылы алып шығуды жоспарлап отыр. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Алматыдан ұшып шығу сағат 08:00-ге жоспарланған. Тель-Авивтен ұшып шығу уақыты – жергілікті уақыт бойынша 12:50.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: