Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанда жер сілкінісінен кейінгі ең қиын учаскеде жұмыс істеп жатыр
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ауғанстанға жіберілген Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары Герат провинциясына келгеннен кейін түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Қазақстандық құтқарушылар үшін жұмыс ауданы Герат қаласынан 25-30 км қашықтықта орналасқан Наиброфи жері анықталды.
Биліктің айтуынша, бұл учаске ең қиын екенін атап өткен жөн. Дәл осы жерде хабар-ошарсыз кеткендер көп.
Герат билігі құтқарушылардың жеделдігі үшін алғыс білдіріп, тәулік бойы жұмыс істеуге ниет білдіргеніне таңқалды.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда 45 адамнан құрылған Қазақстан ТЖМ күштер мен құралдар тобын Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілді. Бұған қоса 11 қазанда гуманитарлық жүктің бірінші бөлігі жіберілді.