Жаңалықтар тізбегі
0

Тыңшылық жанжал: Қатар Үндістанның сегіз азаматын өлім жазасына кесті

Қатар, Үндістан азаматы, тыңшылық, өлім жазасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 20:31 Сурет: freepik
Қатар билігі өткен жылы Дохада тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған Үндістанның сегіз азаматын өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қазанда CNN арнасының хабарлауынша, Үндістан Сыртқы істер министрлігі Қатар билігінің шешіміне "қатты қайран қалғанын" және олармен сот үкіміне қатысты келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

"Біз сотталғандардың отбасы мүшелерімен және олардың заңгерлерімен хабар алмасып отырмыз. Біз ықтимал құқықтық шешімдерді зерттеп жатырмыз", – деді Үндістан Сыртқы істер министрлігі.

Қатар үкіметі журналистерге ресми түсініктеме бермеді. Сотталған үндістерді жұмысқа алған "әл-Дахра" компаниясы да өтініштерге жауап бермеген.

Өлім жазасына кесілгендер – Үндістан теңіз флотының бұрынғы қызметкерлері. Үндістан тарапының айтуынша, олар Дохада Қатар Әскери-теңіз күштерінің теңізшілерін оқытып, нұсқаушы болып жұмыс істеген. Олар 2022 жылдың тамызында "тыңшылық жасады" деген күдікпен ұсталған. Сотталған сегіз адамның жетеуі басшылық қызмет атқарса, тек біреуі қатардағы матрос болған.

Қатардағы жұмыс күшінің 95%-ы шетелдіктер, олардың жалпы саны 2 миллион адамнан асады. Елде он мыңдаған Үндістан азаматы жұмыс істейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: