Қазақстан сейсмологтары Ауғанстанда жер сілкінгенін анықтады
Сурет: wikimedia
Қазақстанның ұлттық деректер орталығының мамандары Ауғанстанда магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейсмологтардың мәліметінше, сілкініс Астана уақытымен 15 қараша күні сағат 06:05-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 844 шақырым жерде.
Эпицентр координаттары:
- солтүстік ендік 36,90 градус, шығыс бойлық 70,80 градус.
- Магнитудасы mb=6,1.
- Энергетика класы K=12,7.
- Тереңдігі h= 109 км.
Бұған дейін 11 қарашада Қазақстан сейсмологтары Тәжікстанда магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісін тіркеген еді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 836 шақырым жерде Тәжікстан аумағында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript