Түркияда қазақстандықтардың іскер қауымдастығы құрылды
Сурет: akorda.kz
Анталияда қазақстандық іскер адамдар қауымдастығы құрылды. Ұйым мақсаты - түрік еліндегі отандастарымыздың басын қосып, олардың жаңа ортаға бейімделуіне қолдау білдіру. Әсіресе қазақ тілін, мәдениетін, дәстүрін және әдет-ғұрпын насихаттауға баса мән берілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұйымның ашылу салтанатында сөз сөйлеген қауымдастық президенті Динара Мырзағалиева жаңа жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Мысалы, жақын күндері қазақ тілі мен Қазақстан тарихын тегін оқытатын курстар ашу көзделіп отыр, деп хабарлайды 24kz.
Іс-шараға Алания мен Ыстамбұлдағы қазақстандық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ, Анталиядағы шетелдік қауымдастықтардың жетекшілері қатысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript