Вьетнамда жаңа президент сайланды
Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі ел президентін сайлау бойынша Ұлттық жиналыс депутаттарының дауыс беру қорытындысы жарияланғаннан кейін бірден өтті, деп жазады VNExpress.
Ламды Вьетнам президенті етіп сайлау туралы резолюцияны отырысқа қатысқан 473 парламент мүшесінің 472-сі қолдады. Жаңадан сайланған президент барлық стратегиялық мемлекеттік міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.
Билік партиясы өткен аптада Ханойда өткен КПВ 13-ші Орталық Комитетінің 9-пленумында То Ламның ел президенттігіне кандидатурасын ұсынды.
66 жастағы То Лам қазіргі Вьетнам тарихындағы 13-ші президент болды.
Вьетнамдағы мемлекет басшысы лауазымы Во Ван Тхуонг отставкаға кеткеннен кейін бос қалды. Вице-президент Во Тхи Ань Суан президент міндетін атқарушы болып тағайындалды.