Ыстамбұл тұрғындары түнде көкте зымыраған метеориттің куәсі болды
Сурет: pixabay
Түркияның ғарыш агенттігі 5-6 шілде аралығында Ыстамбұл мен Түркияның басқа да бірқатар елдімекендерінің тұрғындары көктегі метеориттің құлау сәтінің куәсі болғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осы түні Түркияның әртүрлі қиырынан көкте жарқыраған метеоритті көргендер ерекше қуанышқа бөленді", деп жазды агенттік желіде.
Сонымен қатар аталған агенттік метеориттер атмосфераға енген кезде пайда болатын түстердің бірнеше факторларға байланысты айырмашылықтары бар екенін атап өтті, соның ішінде метеориттің химиялық құрамы, оның жылдамдығы және Жер атмосферасындағы газдар оның түсіне әсер етеді.
19 мамырда Португалия тұрғындары аспаннан жарқыраған жарықты көргені белгілі болды. Оның атмосфера арқылы өткен метеор болуы мүмкін деп болжам бар. Бұған дейін NASA ғалымдары жақын арада жерге үш астероид жақындайтынын хабарлаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript