Ердоған Түркия ШЫҰ-ға тұрақты мүшелікке ұмтылатынын айтты
Сурет: akorda.kz
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған НАТО Саммиті аясында Түркия "Шанхай бестігіне" тұрақты мүше ретінде қосылуы керек деп атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің мақсатымыз-бақылаушы мүшесі емес, тұрақты мүше болу. Түркия "Шанхай бестігіне" тұрақты мүше ретінде қосылуы керек. Мен бұл мәселені соңғы саммитте (Астанада) Ресей президенті Владимир Путинмен және қазақстандық әріптесіммен (Қасым-Жомарт Тоқаев) талқыладым, осы үдеріске қолдау сұрадым", — деді түрік көшбасшысы Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында. Оның сөз сөйлеуін TRT Haber арнасы көрсетті.
Сондай-ақ, Ердоған НАТО саммитінде Одақтың Ресей мен Украина қақтығысына қатысуына қарсы шықты.
Сондай-ақ, Джо Байден самитте Путин мен Зелинскийді шатастырып алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript