Ауғанстанда 12 жастан асқан қыздардың мектепке баруына тыйым салынған
Сурет: pixabay
Үш жыл ішінде Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билік ететін Ауғанстанда 1,4 млн қыз орта білім алу мүмкіндігінен айырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылы Ауғанстан билігі алтыншы сыныптан кейін қыздардың білім алуына тыйым салды. 15 тамызда ЮНЕСКО сайтында осындай мәлімет жарияланды.
"Егер аталған тыйымға дейін де мектепке бармаған қыздарды қоса есептейтін болсақ, онда елде білім алу құқығынан айырылған 2,5 миллионға жуық қыз бар. Бұл мектеп жасындағы ауған қыздарының 80%-ын құрайды", деп хабарлайды ЮНЕСКО.
ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуленің айтуынша, Ауғанстан - 12 жастан асқан қыздар мен әйелдерге де білім алуға тыйым салынған әлемдегі жалғыз ел. ЮНЕСКО білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және таратуға ниет білдірген ауған бұқаралық ақпарат құралдарына қаржылық қолдау жасауға және радио мен теледидарды қолдана отырып, қашықтықтан оқыту бағдарламасына инвестиция салуға ниетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript