Қаза тапқандар бар: Түркия астанасында теракт болды
Haber7 түрік телеарнасы куәгерлерге сілтеме жасай отырып, ғимаратқа жанкешті шабуыл жасалғанын хабарлады.
Жергілікті телеарналар жарылыс болған оқиға орнынан видео таратты, одан бір қабатты ғимараттың қирағанын көруге болады. Сабах телеарнасы да турникеттің жанынан өтіп бара жатқан, қолында қаруы бар ықтимал лаңкестің видеосын көрсетті.
Ülkenin başkentinde Uzay Sanayii A.Ş. 'de yapılan eyleme, çıkan görüntüye bakın.
— Türkçüler Medya (@Turkculermedia) October 23, 2024
Alın size çözüm süreci, alın size Abdullah Öcalan.#tusaş #patlama #Ankara pic.twitter.com/I1MQkhvdBp
Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды. ІІМ министрі Әли Йерликая қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, шабуылды айыптап, терроризмге қарсы күресті жалғастыруға уәде берді.