"Қоймадыңыздар ғой". Гүлзира Айдарбекова тікелей эфирде отбасындағы жайсыз жайтпен бөлісті
Сурет: Instagram/gulziraaidarbekova
Гүлзира Айдарбекова ұлы Заңғардың келіні Жібекпен ажырасып кеткенін растады. Жұлдызды отбасының бұл сыры продюcсердің Instagram-дағы тікелей эфирі барысында мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тікелей эфир кезінде байланысқа шыққан оқырмандардан Заңғар мен Жібекке қатысты толассыз сұрақтар келіп түсіп, Гүлзира Айдарбекова одан айналып өте алмады.
"Қоймадыңыздар ғой. Иә, Заңғар мен Жібек ажырасты. Оған менің түк қатысым жоқ. Дәм-тұздары жараспады. Ешқайсысын жаман демеймін. Заңғар да жақсы, Жібек те жақсы. Екеуі үйленді, бірақ ары қарай бірге тұра алмады...”. Гүлзира Айдарбекова
Айта кетейік, Заңғар Айдарбеков 2022 жылы наурыз айында шаңырақ көтеріп, жұлдызды отбасы дүркіретіп той жасаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript