Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жасөспірімдердің 67 пайызы интернетте 5 сағаттан артық отырады

Жастардың интернетке тәуелділігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 14:44 Сурет: "Жас Ұлан"
Әлеуметтік зерттеуге 3322 респондент қатысты. "Рестарт" жобасының аясында осы мәселе бойынша жасалған талдамалық зерттеу жасаған болатын.

3000-нан аса жасөспірімнің арасында интернет тәуелділік, құмар ойындарға тәуелділік, кибербуллинг бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен" бірлесіп "Жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру" әлеуметтік жобасын жүзеге асырды. Негізгі мақсаты - жастарды интернет кеңістігінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру, интернетке және құмар ойындарына тәуелділіктің алдын алуға жағдай жасау.

Жоба аясында интернетке тәуелділік, құмар ойындар және кибербуллинг саласындағы сарапшылар біршама қазақстандық және халықаралық (Түркия, Жапония, Вьетнам, Ұлыбритания, Ресей, Қытай) заңнамаға талдау, әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 18 ұсыныс әзірледі.

Әлеуметтік зерттеуге 3322 респондент қатысты. "Рестарт" жобасының аясында осы мәселе бойынша жасалған талдамалық зерттеу жасаған болатын. Нәтижесінде кибербуллинг жағдайы ең көп кездесетін өнір Шығыс Қазақстан екені анықталған. Қазақ және орыс бөлімінде оқитын оқушылардың, студенттердің арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде көбінесе кибербуллингке орыс бөлімінің тап болатыны белгілі болды. Ал егер отбасылық жағдайына қарай қарастыратын болсақ, кибербуллингке көбінесе отбасында жалғыз өскен балалар қатысады екен.

Балалар, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 14:44

"Жас Ұлан"

Зерттеулерге сүйенсек, жастардың 57 пайызы өз өмірін интернетсіз елестете алмайды. Жастар мен жасөспірімдердің 67 пайызы интернетте 5 сағаттан артық отырады. Сондай-ақ интернетте әйел адамдардың 71 пайызы, ер адамдардың 29 пайызы отыратыны белгілі болды.

Құмар ойындарға тәуелділік бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижесінде ер адамдарыдың 62 пайыз, ал әйел адамдардың 38 пайыз құмар ойындарын күнде ойнайтыны анықталды. Қала тұрғындарының 59 пайыз, ауыл тұрғындарының 41 пайыз құмар ойындарын ойнауды күнделікті әдетке айналдырған.

Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірлерінде интернет-тәуелділікті, құмар ойындарды және кибербуллингті анықтау мақсатында мақсатты аудитория арасында 1275 адамның қамтылуымен, 85 фокус-топ өткізілді.

Балалар мен жастар үшін интернетке тәуелділік, құмар ойындарға тәуелділіктің және кибербуллингтің алдын алу бойынша онлайн-курстар өткізілді. Курсқа барлығы 1000-ға жуық жасөспірімдер қатысты. Сондай-ақ бейне-дәрістер мен әлеуметтік бейнероликтер дайындалды.

Қазақстанның 17 өңірінде Telegram-топтар ашылды. Топтардың мақсаты - белгілі бір аймақта болған кибербуллинг, құмар ойындарын насихаттау фактілерін анықтау. Бұл мәселелердің алдын алу жолдарын талқылау және осындай жағдайға тап болған адамдарға көмек қолын созу. 900-ден аса белсендімен жинақталған ақпараттар өңделіп, тиісті жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Интернетке тәуелділікпен, кибербуллингпен және құмар ойындармен күрес бойынша "Оффлайн күн" акциясын өткізілді. Акцияға 17 өңірден 700-ге жуық адам қатысты.

Халық арасында "Өзін-өзі диагностикалау" онлайн тестілеуі өткізіледі. Тестілеуден 6000-ға жуық адам өтті. Бұл тестілеу адамның интернетке тәуелділік, құмар ойындарға қызығушылық деңгейін анықтайды. Тестілеу қорытындысы бойынша тартылған психологтар респонденттерге одан әрі әрекет ету бойынша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ интернет-тәуелділіктің, кибербуллингтің және құмар ойындардың алдын алу бойынша қысқа метражды фильмдер байқауы өткізілді. Байқауға 100-ге жуық адам қатысты. Жеңімпаз 1 000 000 теңге жүлде қорын иеленді. Сонымен қатар байқауға "Қазақфильм" киностудиясы қолдау көрсетіп, 3 фильмге Халықаралық кинофестивальге жолдама сыйлады. Байқау "Балапан" телеарнасынан да қолдау тауып, 5 үздік фильмді арнайы жүлдемен марапаттап, үздіктер қатарындағы бір фильмді телеарнадан көрсетті.

Осы жоба аясында жалпы саны 15 000 адам қамтылды.

Интернетке тәуелділік, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 14:44

"Жас Ұлан"

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: