Қазақстанда шаш күтіміне арналған тауарлар 41,7% қымбаттады
Сурет: instagram.com/statgov.kz
Қазақстанда шаш күтіміне арналған тауарлар 41,7% қымбаттады, сонымен бірге өндірістің азайғаны да байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бюроның мәлетінше, шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лактар және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3% төмендеді.
Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген. Өз кезегінде импорт 18,1% өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді.
Импорт өнімдерінің үлесі 97,6% болды. 12 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімнің 24,1 мың тоннасы сатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript