Жаңалықтар тізбегі
0

Шекті көлемге қатысты өзгерісті қоғамның ашумен қарсы алуы заңды - сарапшы

БЖЗҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2021 18:15 Сурет: Facebook/Olzhas Khudaibergenov
Мен мұны тек Еңбек министрлігі жасады деп ойлап қалсам, өйткені зейнетақы саясатын анықтайтын солар ғой, бірақ әдістемені әзірлеуге қатысқандар атап өткендей, бұл процеске БЖЗҚ басшылығы да белсенді түрде атсалысыпты! Содан кейін, әрине, бұл өзгерісті қоғамның ашумен күтіп алуы заңды...

Экономист әрі Президенттің экс-кеңесшісі Олжас Құдайбергенов 2022 жылдан бастап зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу үшін қолданылатын ең төменгі жеткілікті шектің көтерілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Олжас Құдайбергенов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеу жөніндегі әдістемеге үңіліп көрген ол формулада көптеген логикалық қателер бар екенін жазады:

1. Жыл сайынғы өзгеретін ең төменгі жалақы көлемін және жыл сайынғы жалақы өсімі пайызын ескереді. Түптеп үңілсек, бұл дегеніңіз қос бухгалтерлік есеп.

2. Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) екі мәнді таңдау үшін қолданылады: ЕТЖ немесе ең төменгі зейнетақы көлемін. Бұл арада, әрине, қателесуім мүмкін, бірақ іс жүзінде зейнеткерлерге зейнетақы әлі күнге дейін ең төменгі зейнетақы негізінде есептеледі. Егер солай болса, онда формулада неге шекті көлемді шамадан тыс көтеріп отырған ЕТЖ қолданылуы керек? ЕТЖ-ны қолдануға болар еді, бірақ тура осындай мәнде емес.

3. Формулада зейнетақы төлемдерін төлеудің шекті жасы пайдаланылады, ал төлемдердің бастапқы жас деңгейін әртүрлі айырмашылық коэффициенттерімен айқындалады. Мысалы, ер адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 67 жыл делік, бірақ бұл арада барлығы 82 жасқа дейін өмір сүретіндей шекті есептейді. Әрине, бұл шекті шамадан тыс арттырады.

Жеткілікті шекті бұрмалайтын басқа да ұсақ-түйек нәрселер бар. Бірақ формуладан бөлек, бұл арада "керіден" есептейтін тағы бір ақымақтық та бар: 20 жастағы адамда 3 млн теңге жеткілікті шектің болуы сияқты сәйкессіздікті айтамын. Тіпті ЖОО-ны 10 жыл бұрын бітіріп, осы уақыт аралығында жұмыс істеп, қазіргі кездегі шекті сомасы 4,5 млн теңгені құрауы тиіс 31 жастағы адамды алайық.

Мәселен, осы соманы жинақтауы үшін 10 жыл бойғы оқуын аяқтағаннан кейін ол бірінші айдың өзінде кемінде 375 мың теңге жалақы алуы тиіс екен. Бірақ 2021 жылдың өзінде біздегі ресми орташа жалақы көлемі 230 мың теңгені құрады, ал 10 жыл бұрын қандай еді? Жалпы, бұл адамдарды шындықтан қасақана оқшаулау немесе Президент бастамаларының саналы түрде диверсияға ұшырауы сынды.

Тағы бір жайт. Мен мұны тек Еңбек министрлігі жасады деп ойлап қалсам, өйткені зейнетақы саясатын анықтайтын солар ғой, бірақ әдістемені әзірлеуге қатысқандар атап өткендей, бұл процеске БЖЗҚ басшылығы да белсенді түрде ат салысыпты! Содан кейін, әрине, бұл өзгерісті қоғамның ашумен күтіп алуы заңды...

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: