ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері балаларға қолдан тоқылған ойыншықтар сыйлады
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі
Ойыншықтарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №24 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған қыз-келіншектер өз қолдарымен тоқыған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түрлі мультфильм кейіпкерлері бейнеленген ойыншықтарды жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер 10 күннің ішінде тоқып болған.
"Ойыншықтарды аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасындағы кішкентай бүлдіршіндерге мекеме қызметкерлері барып табыстады. Алдағы уақытта да осындай игі істер біздің тарапымыздан жалғасатын болады", - деді мекеменің бөлім бастығы әділет капитаны Арай Көшербаева.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript